Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты

AstanaTV
27.12.2019ж. 13:10
2516
Сенат төрағасы Дариға Назарбаева жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева да сенаторлардың атынан ұшақ апаты кезінде қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтты. Қабырғаны қайыстырған қайғының жалпыға ортақ екенін жеткізді.

Дариға НАЗАРБАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Алматы облысында ұшақтың құлағаны туралы хабарды естіп, қайғыға ортақтасатынымызды жеткіземіз. Қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Сіздердің қайғыларыңыз бәрімізге де ортақ. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз.