Негізгі / Жаңалықтар / Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та, Алматы маңында ұшақ апатынан қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты. Мемлекет басшысы зардап шеккендерге барлық көмек көрсетіліп, апат себебін анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылғанын мәлімдеді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ,  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бүгін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына, қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады.