Ауру - астан ба? Атырауда бір отбасы "Халал" дүкеннен сатып алған еттен уландық деп шағымданды. Айтуларынша, жаңа жылдың алғашқы күндері қонақ шақырамыз деп, бастары пәлеге қалған. Қонақтарда, отбасындағылар да дәрігерге жүгінген. Мән-жайды әріптесім Базаргүл Нәдірқызы анықтап көрді.
Атыраулық Зоя Сатқанғалиева қонақ шақырам деп басы пәлеге қалған. Мереке қарсаңында Халал дүкенінен 50 мың теңгеге 26 келі ет салып алған. Ет асып, оныалдына қойған қонақтар да астан уланғандарын айтып шағымданыпты.
Зоя САТҚАНҒАЛИЕВА, ТҰРҒЫН:
Тек қана үй ішіммен ішкен жоқпын, бүкіл қонақтармен. Қонақтан барған кісіге қара бетті айтсайшы бәрі-бәрі Зояның үйіне барып, бәрі іш ауру болып. Өлмегенге шүкір. Мен адамнан көрмеймін, сатуушыдан да көрмеймін, әңгіме малды сойып әкелетін жерден ауру жабысып отыр ма білмеймін ал.
Екі рет жедел-жәрдем келгенімен, еш ем-дом көрсетпеді деді зейнеткер. Учаскелік дәрігер берген дәрі-дәрмекпен бетім бері қарады,- деп отыр. Алайда іш ауруы мен әлсіздік әлі де бойын жазғызбай отырғанын жеткізді.
Дәурен ЖОМАРТОВ, ГЕОЛОГ ЕМХАНАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ДӘРІГЕРІ:
Барған кезде жағдайы орташа ауыр дәрежеде болды. Әлсіздік, бас ауру, ішінің өтуі жүрек айнуына шағымданды. Шағымдарды ескере отырып, алдын ала диагноз қойдым ішек инфекциясы деп. Желтоқсан, қаңтар айында осындай шағыммен 4-5 адам шағымданмен жүгінді маған. Тамақтың ішінде всегда ет. Халал магазинінен деп маған айтқан науқастар болды.
Халал дүкеннің иесі «еттен улану мүмкін емес»,- деп отыр. Жаңа жыл қарсаңында он бас ірі қара саттым деген Мерғұлан Сұлтанғалиев ветеренарлардың берген анықтамасын жайып салды.
Мерғұлан СҰЛТАНҒАЛИЕВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:
Халық бәрі алып жатыр. Мал базарынан сойғызамыз. Справкасы бар. Бір сиырды түгел ол кісі алған жоқ. бәрі де алды халықтың, екі жылдан бері ет сатамыз мына жерде. Біреу келіп шағым жасаған жоқ әлі. Етті алып келсін, экспертиза қағазын алып келу керек қой. Мал ауру ма? Мен деген ауру мал даладан әкеп сойып жатқан жоқпын. Убойный цехтан сойғызамыз. Анықтамалары бәрі бар зертханадан тексереді ғой.
Сол күні қонақ күтуге келген қызы Лаураның да отбасы дәл осылай ауырған. Алайда балаларды үйден емдедім,-дейді ол.
Лаура БАҒЫТЖАНОВА, ТҰРҒЫН:
Мына қызым, сосын мына қызым. Сосын мен ауырдым. Жолдасым да ауырды да, үкіметтің жұмысы болған соң дәрі ішіп кетіп қалды. Санэпидке хабарласқан кезде, бір-біріне сілтелеп, аяқтай келіңіз деп. Аяқтай баратын жағдайда емес Етті ме, ме, санэпидті ме қозғауыңызды сұрап отырмыз.
Астан ушынған отбасы мүшелері аяқтан тұрған соң, қалған етті сараптамадан өткізбекші. Сараптамадағылар оған да біршама қаражат қажет екенін ескертіпті.
Б. Надирқызы