Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Мәжілісмендердің өңірлердегі сапары жалғасуды

AstanaTV
13.01.2020ж. 20:00
2797
Мәжілісмендердің өңірлердегі сапары жалғасуды

Шымкенттегі Жаңаталап тұрғын алабының халқы ауыз судан тарығып келеді. "Судан сусадық" деген жұрт базынасын шаһарда жұмыс сапарымен жүрген мәжіліс депутаттарына жеткізді. Жаңаталапта ұзын саны төрт мыңға жуық үй бар. 24 мыңнан астам тұрғын, су алу үшін сағаттап тұратындарын жеткізді. Елді-мекенге 2011 жылы “Ақбұлақ” бағдарламасы бойынша 213 млн теңгеге су жүйесі жүрген. Сапасыз жұмыстың салдарынан тіршілік нәрі кестемен ғана беріледі, -деді.

Ағайша СУХАНОВАЮ, ЖАҢАТАЛАП ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бізге су жүргізгеніне үш жылдай ма боп қалды. Бірақ ол су, келіп жатқан суымыз лай болады, кейде құрбақаның суы құсап жаман лас боп кеп жатыр суларымыз, соны тұндырып ішеміз. Ол қыста келеді де бір екі үш ай, онан кейін көктемде мүлдем келмейді су.

Мәжілістегі «Nur Otan» фракция мүшелері, үшінші мегаполиске аудандардан қосылған елді-мекендерді аралап жүр. Қала іргесінде тұратындарды қоғамдық көлік, жарық пен көгілдір отын мәселесі мазалайды.

Дархан МЫҢБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Газбен проблемасы бұл жалпы газдың тарату жөніндегі қуаты жетпейді екен, сондықтан қосымша бір станса салу керек. Бұған қала әкімімен де бұл жөнінде әңгімелестік, республикалық бюджеттен қаражат сұрап хат жазған екен және сол бойынша мынау біз фракциядан «Nur Otan» фракциясынан сайланған депутаттар ретінде Парламент депутаттары тарапынан соған ықпал етеміз.

Ал Шығыс Қазақстанға барған депутаттар «Ана мен бала орталығы» ұжымымен кездесті. Онда жаңа денсаулық кодексінің жобасы сөз болды.
Біліктілікті арттырғаны, ғылыми еңбектері мен жаңашылдығы үшін дәрігерлер қосымша ақы алатыны жиналғандырды қуантты.

Жанат ОМАРБЕКОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Жаңадан қабылдап жатқан кодекста біздің депутаттар енгізген ол мына дәрігерлердің статусын көтеру. Өйткені көбінесе мединститутта да кездескенде дәрігерлер айтып жатыр. бізді де енді бізге де қорғау керек, көбіне дәрігерлерді жазалап жатады.

А. Төребекқызы