Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

«Тассай» тұрғын алабының халқы жарыққа жарымай отыр

AstanaTV
13.01.2020ж. 20:00
2347
«Тассай» тұрғын алабының халқы жарыққа жарымай отыр

Шымкент қаласы Қаратау ауданы «Тассай» тұрғын алабының халқы жарыққа жарымай отыр. Арнамызға хабарласқан көрерменіміз осыны айтты. Алғашқы тұрғыны көшіп келгелі 10 жылдан асса да, жергілікті билік, бір трансформатор орнатпаған. Тұрғындар жеке кәсіпкердің электр торабына тәуелді. Алайда оның өзі күн өткен сайын сығырайып келеді деді.

Индира КЕТПЕНОВА, «ТАССАЙ» ТҰРҒЫН АЛАБЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бізде новостройка болғаннан кейін халық көбейіп жатыр ғой. Халық саны көбейіп, үйлер түсіп жатқаннан кейін бәрлығы бір трансформатордан алып жатыр. Сондықтан әлсіз болып жатыр. Кеше жақын тіпті шам секілді болады. Балалардың сабақ оқуына өте зиян. Пылесосты сормайды, микроволновка дегенде мүлде қоспаймыз. 



Қазір бұл тұрғын алабында 2 мың 230 үй бар екен. Осы мәселеге қатысты Қаратау ауданының әкімі Абзал Аликуловқа хабрласып көрмекпіз. Абзал Шымкентбайұлы, қайырлы кеш! Сіз тікелей эфирдесіз! «Тассай» тұрғын алабында неге әлі күнде дейін трансформатор орнатылмаған?


Қашан бұл жердегі халық ел қатарлы жарықтың рахатын көреді?


Абзал АЛИКУЛОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Абзал Шымкентбайұлы, рахмет . Біз бұл мәселені өз бақылауымызға аламыз. Айта кетейін бізбен байланыста болған Қаратау ауданы әкімі Абзал Аликулов. Қымбатты көрермен, сізді де алаңдатқан мәселе болса, хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауабын іздейміз. Егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмірге видео немесе аудио жолдаңыз болады. 


Ә. Өмірзақ