Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Семейде Ертіс өзенінің су деңгейі көтеріліп, Полковничий ауылының 8 тұрғыны эвакуацияланды

AstanaTV
14.01.2020ж. 20:00
2033
Семейде Ертіс өзенінің су деңгейі көтеріліп, Полковничий ауылының 8 тұрғыны эвакуацияланды

Семейде Ертіс өзенінің су деңгейі көтеріліп, Полковничий ауылының 8 тұрғыны эвакуацияланды. Оның үшеуі бала. Сырдария өзенінің де арнасынан асу қаупі жоғары. Олай болған жағдайда мыңдаған тұрғыны бар Қазалы, Жосалы елді мекенін су шайып кету мүмкін.

Барат ДҰЗАҚБАЕВ, ҚР ІІМ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ауа-райының жағдайымен ғана болып тұрған қиыншылықтар. Мұз қатпай жатыр, іркіліп тұрады да бір жерге барып жиналады. Содан кейін судың деңгейі көтеріледі. Қазір оны жара алмаймыз. Наурыз айында, судың кететін кезінде ғана жарамыз.

Өзен суының деңгейін қалыпты деңгейде ұстап тұрғаннан халықты қауіпсіз аймаққа көшірген тиімді. Мамандар ол маңдағы үйлердің біразы өзендерге тым жақын салынған деп отыр.

Барат ДҰЗАҚБАЕВ, ҚР ІІМ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Водный кодекс бойынша судың жағасынла 30 метрге дейін салуға болмайды. Ол салынып қойғаннан кейін енді оны құлатып тастай алмайсың ғой, адамдар тұрып жатқан соң.

Ә. Өмірзақ