Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ақтөбеде әлеуметтік такси қызметі тоқтап тұр

AstanaTV
14.01.2020ж. 20:00
2319
Ақтөбеде әлеуметтік такси қызметі тоқтап тұр

Ақтөбеде әлеуметтік такси қызметі тоқтап тұр. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын тым қиындатып жіберді. Редакциямызға хабарласқан бірінші топтағы мүгедек Ләйла Құрақбаева қалаға қатынай алмай жатқанын жеткізді. Ал әлеуметтік көліктің жүргізушісі енді жұмыс істемейтінін айтқан. Қысылып-қымтарылған тұрғындар әкімдікке де хат жолдапты. Бірақ, ешқандай жауап келмеді деп отыр.


Ләйла ҚҰРАҚБАЕВА, БІРІНШІ ТОПТАҒЫ МҮГЕДЕК:

Инватаксиіміз бар еді докторға, массажға апарып тұратын. Ал қазір жүрмей тұр. Ал жүргізуші енді хабарласпаңыз, тендрмен алып жатыр, Автопаркке беріп жатыр деп айтты. Бұдан кейін қалай болады анығын білмей отырмыз. Жазып едік ешқандай хабар жоқ.


Мәселенің мән-жайын анықтау үшін дәл қазір Ақтөбе облысы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мемлекеттік сатып алу ісі жөніндегі бас маманы Жанат Кереймағамбетовамен байланысқа шығып отырмыз. Кеш жарық! Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әлеуметтік көлік неге тоқтап тұр?

Жауапты тұлға тұтқаны көтермей жатыр. Жауапсыздық танытып отырғаны бізді де қынжылтады. Дегенмен біз бұл мәселені әлі де зерттейтін боламыз. Мән-жайды толық анықтаймыз.

 Қымбатты көрермен, сізді де алаңдатқан мәселе болса, хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауабын іздейміз.

Ғ.Өтемісов