Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Елордалық 15 мыңнан астам көп балалы отбасы атаулы әлеуметтік көмек алып отыр - С.Нұрғожина

AstanaTV
14.01.2020ж. 20:00
2328
Елордалық 15 мыңнан астам көп балалы отбасы атаулы әлеуметтік көмек алып отыр - С.Нұрғожина

Елордалық 15 мыңнан астам көп балалы отбасы атаулы әлеуметтік көмек алып отыр. Бұл туралы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина қалалық әкімдікте өткен брифингте айтты. Ол көпбалалы отбасы мүшелеріне 500-ге жуық бос жұмыс орындары бар екенін де атап өтті. Сонымен қатар, жиында кепілдендірілген әлеуметтік пакеттің жайы да талқыланды.

Салтанат СТАНБАЕВА, НҰР-СҰЛТАН қ. САРЫАРҚА АУДАНЫ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫЛАР ТАҒАЙЫНДАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға берілетін арнайы әлеуметтік азық-түліктің жиынтығы деп. Ол міне, ақпан айында іске асады деп отыр. Оның қалай беріледі, қалай болатыны қазір барлық жасалып жатыр, ішіне қандай продукты кіретін болды.  Бірінші АӘК тағайындалу керек, сол АӘК тағайындалған отбасының баласына ғана берілуі керек.

Биыл іске қосылған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының 1 162 878 халқы тіркелсе, 1000-нан астам адам әлі емхананың өзіне тіркелмепті. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қымбат тұратын лабораториялық зерттеу мен диагностикалық тексерістерден қалай тегін өтуге болатынын айтты.

Сәуле ҚИСЫҚОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Компьютерлік томографияға МРТ-ға өту үшін жолдама керек. Ол әр тұрғын өзінің тіркелген емханасына барып, жолдама алу керек. Сол емхана сондай шешімге келсе, осындай диагностикалық тексеруден өту керек десе, онда жолдама береді.

А. Данияр