Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

ҚР мен РФ арасындағы әскери келісім қайта қаралады

AstanaTV
15.01.2020ж. 20:00
3242
ҚР мен РФ арасындағы әскери келісім қайта қаралады

Зымыранның қайдан ұшқаны белгісіз. Алайда ол ұрыс қаруы емес, атмосфераның жоғарғы қабатын зерттеуге арналған геофизикалық зымыран. Ақтөбе облысындағы ауыл маңына құлаған ресейлік зымыранға қатысты бүгін осындай ақпарат таратылды. Қорғаныс министірінің бірінші орынбасары Мұрат Бектанов бүгін Мәжілісіте болып, депутаттардың сауалына жауап берді.

Мәжіліс депутаттарының сұрағына қаймықпай жауап берген Қорғаныс министірінің бірінші орынбасары Мұрат Бектанов журналистерден бүгін осылай қашты. «Ресейлік зымыран ұшарда халыққа неге ескерту жарияланбады?» деген сұрақты Бас штаб басшысы жауапсыз қалдырды.

Мұрат Бектанов Мәжіліске «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне соғыс жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы Заң жобасын ұсынуға келген. Заң жобасы қолдау тапты. Алайда депутаттардың қорғаныс саласына қатысты өзге де сұрақтары аз болмады.

Мұхтар ЕРМАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN"  ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ауыл аймақтарды аралағанда түрлі мәселе көтерілді. Кейбір азаматтық ғимараттардың Қарулы күштерге тиесілі нысандарға тым жақын орналасқанын көзімізбен көрдік. Белгілі ережелер сақталмаған.

Еліміз бойынша, Қарулы күштерге қарасты 58 қару-жарақ қоймасы бар. Оның 32 пайызы түрлі елді мекендерге жақын орналасқан. Нақтырақ айтқанда, 18 қару-жарақ қоймасының маңында тұрғын үйлер, өндіріс орындары және күре жолдар бар. Ал, негізі елде арнайы тиым категориялары бар. Қару-жарақ түріне байланысты бірінші санат бойынша елді мекендер әскери нысаннан 400 метр, екінші санат бойынша 3 шақырым алшақ болуы шарт. Құжатта солай. Ал, іс жүзінде бұл ереже сақталмаған. Оған өткен жылғы Арыстағы оқиға куә.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
 
Ереже бар. Ал, оны қадағалау тетіктері жоқ. Тағы бір Арыстың қайталануын күтуіміз керек пе? Біз бұл мәселені дұрыстап қарауымыз керек. Арнайы Заң қажет.

Мұрат БЕКТАНОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Барлық қару-жарақ қоймалары мен базаларға қатысты сараптама бар. Шынымен бекітілген тиым зоналарын қайта қарауымыз керек. Заңнама орындалу тәртібін де мұқият қолға алып, әкімшілік жаза ескеру дұрыс деп ойлаймыз.

Төменгі палата спикері осы мәселені Мәжіліс комитетінің қолға алуын және Қорғаныс министірлігі тарапынан қолдау қажеттігін атап өтті.
Қорғаныс министрінің орынбасарына журналистердің сұрағы аз емес. Алайда, генерал-майор ұстатпауға тырысты. Десе де, төбемізге құлап жатқан шетелдік зымырандарға қатысты бірнеше сұраққа жауап алып үлгердік.

Мұрат БЕКТАНОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазақстан Республикасы аумағында Ресей Федерациясына қарасты әскери полигонға қатысты 1995 жылы жасалған келісім бар. Құлаған зымыран ұрыс қаруы емес геофизикалық зымыран екенін білеміз. Егер келісім шарттары бұзылғаны белгілі болса біз әрине өтемақы талап етеміз.


Қорғаныс министірлігі таратқан ақпаратқа сенсек. Қаңтардың 9 күні құлаған зымыраннан радияциялық зиянды қалдықтар болмаған және ол экологияға залалын тигізбеген. Деседе біздің қарулы күштер Ресей Федерациясымен жасалған келісімге өзгертулер мен тоқытырулар енгізбек. Ол қандай өзгерістер екені әзірге белгісіз.

Д. Мұхаммедкәрім