Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Атырауда шетелдік номерлі көлік иелері наразылықтарын білдірді

AstanaTV
20.01.2020ж. 20:00
3215
Атырауда шетелдік номерлі көлік иелері наразылықтарын білдірді

Шекара асып, жаппай көлік тасымалдау - азаматтардың заңнан хабарсыздығының көрінісі. Атыраулық заңгер осылай дейді. Демалыс күндері аймақта 200-ден астам шетелдік нөмерлі көлік иелері наразылықтарын білдірген еді. Жиналғандар билікті ашық диалогқа шақырып, халықтың жағдайын ескеруді талап етті. Айтуларынша, еліміздің автопаркі әбден ескірген. Сондықтан отандық жүргізушілерге алыстан арбалаудан басқа амал қалмады,- дейді жиналғандар.

Атыраулық Абылай Айтмағамбетов армениялық нөмірлі Тайотна Ефсун көлігін 6 мың АҚШ долларына шекара асып әкелгенін айтады. Таксист жігіт отбасын асырау үшін арзан әрі сапалы көлікті тізгендегіне қуанған. Алайда қуанышы ұзаққа бармады.

Абылай АЙТМАҒАМБЕТОВ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Заңды қайтадан қарастырсын. Максимум 1000 доллар қылып қарастырылсын.

Жексенбіде жиналған екі жүзден астам жүргізушінің талабы - осы. Олар "утилизациялық алым сомасын қарапайым халықтың қалтасы көтеретіндей қып төмендетсе, төлеуге дайынбыз" дейді. Болмаса, көліктерін бір мезгілде өртеп жібереміз деп ашуға булықты. 

Зауырбек ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 
Қалааралық, қала ішілік көлік тасымалының құны қымбаттайды. Егер ай сайын мерзімі аяқталғанда көлікті жинап алып отырса, біз үшін көліктің көк тиын құны болмайды. Біз онда бір мезгілде өртеп жібереміз көлікті. Есептеп қарасақ, 200 мың көлік кірді дейік. 200 мыңнан әр көлікке 100 мыңнан төлесек,  20 миллиард теңге. Оған Атырау мен Астрахань арасындағы жолды жасауға болады.

Атыраулық жүргізушілердің сауалдарына заңдылық тұрғыда жауап беретін адам табыла қоймады. Тек облыстық әкімдік өкілі талап-арыздарын қағазға түсіріп тапсыруға кеңес берді.

Жасұлан БИСЕМБИЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
 
Ең басты талап - қалыптасқан жағдайды заңдастыру. Легализация процестерін жүргізу. Халықтың пікірін астана қаласына жеткізетін боламыз. Үкіметке, парламент өкілдеріне. Тиісті заңнамаларды қарастыру жөнінде.

Ал заңгер Айдос Ибрайымов, шекара асып, жаппай көлік әкелу - қазақстандықтардың заңнан хабарсыздығынан деп отыр. Өзі де бұған дейін таныстарына сан соғып қалмауға кеңес берген.

Айдос ИБРАЙЫМОВ, ЗАҢГЕР:

«ҚР әкімшілік құқық бұзушылық» туралы  заң Кодексінде тіке көрсетіп тұр, тіпті мына жерде айтады, конфескация деп, егер керек болса, мемлекеттік пайдасына конфескация жасалынады деп тұр. Кеденде тұрған уақытта кедендік қызмектерлер  міндетті  емес, сіз бір жылдан кейін шығару керексіз, осындай болады деп. Айтпайды ғой. Егер шетелдік автокөлікті алмастан бұрын мемлекеттік органнан хат жазып, арыз жазып, өздерінің құқықтарын түсініп алған дұрыс еді.

Қазір Атырау облысы бойынша нақты қанша шетелдік нөмірлі көлік кіргені туралы ресми ақпарат жоқ. Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, ол 10  мыңға дейін болуы мүмкін. Енді жүргізушілер талаптарына әкімдік 15 күннен соң ресми жауап беретін болады. 

Б. Надирқызы