Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Павлодар облысына жаңа әкім тағайындалды

AstanaTV
21.01.2020ж. 20:00
1630
Павлодар облысына жаңа әкім тағайындалды

Президент жарлығымен қызметінен босатылған Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақаовтың орнына жаңа басшы тағайындалды. Әкім креслосы 45 жастағы Әбілқайыр Ысқақовқа бұйырды. Ол бұған дейін Қаржы министрлігінде комитет төрағасы болған. Аймақтың жаңа басшысын өңір активіне премьер-министр Асқар Мамин таныстырды. Әбілқайыр Ысқақов осы жердің тумасы, қызметін осы аймақтан бастаған. Негізгі мамандығы қаржыгер, экономист. Салық органдарында 14 жыл түрлі лауазымды қызметтер атқарған. Қорғаныс министрінің қаржы саласы бойынша да орынбасары болған. Ал экс-әкім Болат Бақауов қызметін асыра пайдаланды деген айыппен 2 айға қамауға алынған болатын.

Ө. Қуанар