Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Шымкенттің әкімі ауысты

AstanaTV
21.01.2020ж. 20:00
1790
Шымкенттің әкімі ауысты

Елдегі үшінші мегаполисте де әкім ауысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен, қалалық мәслихат депутаттарының қолдауымен Мұрат Әйтенов Шымкент әкімі болып тағайындалды. Ол желтоқсан айында ғана қала әкімінің бірінші орынбасары болып сайланған еді. 1981 жылғы шенеунік осы аймақтың тумасы. Ал бұған дейін шымқаланы басқарған Ерлан Айтаханов бұл қызметке былтыр шілдеде ғана тағайындалған еді. Қала активіне жаңа әкімді таныстырған Президент Әкімшілігінің жетекшісі Ерлан Қошанов қаланы дамыту бойынша мегаполис басшысына жүктелген президент тапсырмаларын атап өтті.

А. Төребекқызы