Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Түркістан облысы Төлеби ауданындағы туристік маңызы бар жол бірнеше жылдан бері жөндеу көрмеген

AstanaTV
21.01.2020ж. 20:00
2310
Түркістан облысы Төлеби ауданындағы туристік маңызы бар жол бірнеше жылдан бері жөндеу көрмеген

Түркістан облысы Төлеби ауданындағы туристік маңызы бар жолдың тоз-тозы шыққан. "Nur Otan" партиясының қоғамдық қабылдауына онлайн байланысқа шыққан ауыл тұрғындары осылай деді. Айтуларынша, жол соңғы рет 1970 жылы күрделі жөндеуден өткен. Ауыл халқы облыстағы тиісті мекемелерге шағымданғанымен, ешқандай мардымды жауап болмаған. Азаматтарды қабылдаған Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов "Nur Otan" партиясына қабылдауға келген әр адамның өтініші жерде қалмайтынын жеткізді.

Сайранбек БАРМАҚОВ, ҚР ИИДМ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Смета жасалды 3,9 километрге. Құны 107 миллион. Биылғы жылға облыстық әкімшіліктің бюджетный заявкасына кіргізілді аманшылық болса. Осы биылғы жылы бұл жұмыстың барлығы басталынып жасалынады. Бюджеттке кіре алмай жатқан жағдай болса, Түркістан облысының әкімшілігі  бізге заявка берсе, 50%-ын біз төлеп 50%-ын әкімшілік төлек жаңағы транспортқа кіргізуге шамамыз бар.

А. Данияр