$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылорда қаласының тұрғындары ауыз суға жарымай отыр

AstanaTV
22.01.2020ж. 20:00
3613
Қызылорда қаласының тұрғындары ауыз суға жарымай отыр

Қызылорда қаласының тұрғындары ауыз суға жарымай отыр. Сабалақ саяжайының қала аумағына енгеніне 1 жылға жуықтаса да, жергілікті жұрт тіршілік нәріне қол жеткізе алмай, құдық суын ішіп отыр. Ал оның сапасы нашар көрінеді. Шаһар тұрғындары сары судан кесірінен түрлі ауруға шалдығып жатқандарын айтып шағымданды. Жергілікті әкімдік мәселенің шешілетінін айтып келе жатқанына 3 жыл өтіпті. Алайда, еш нәтиже көрмепті.

Гүлсанем АУКЕНОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Былтыр сәуір айында су береміз деген. Сол су әлі берілген жоқ. Мәселемен  әкімге де талай барып жүрміз. Қабылдауына кіре алмаймыз. Болады деп айтады қай кезде беретінін білмейміз. Құдық қазып өзіміз су тартып алдық енді. Оның құрамы өте зиянды. Сап-сары болып кетеді. Бүйрекке тас жиналып жатыр. Туберкулез де шығып жатыр районнан.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Дәл қазір осы мәселеге жауапты Қызылорда қаласынын құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы Бауыржан Еркебаев байланыста. Бауыржан Бақытқалиұлы, Қайырлы кеш! Саяжай тұрғындарының ауыз суға жарымай отыруына не себеп?

Бауыржан ЕРКЕБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бұл Сабалақ саяжайы осы уақытқа дейін бау-бақша ретінде беріліп келген. 2019 жылға дейін Қызылорда қаласының бас жоспарына енгізілмегендіктен, инжинерлік инфрақұрылым, оның ішінде ауыз су тартуғаның бюджеттен қаржы қарастыру мүмкін болмаған. Осыған байланысты 2019 жылы Мәслихаттың шешімімен қаланың бас жоспарына енгізіліп, бюджеттен 522 млн теңге қаржы бөлініп, 26 шақырым магистральді ауыз су құбыры тартылды. Бұл бірінші кезең бойынша. Енді екінші кезең бойынша үстіміздегі 2020 жылы қалалық бюджеттен қосымша қаржы бөліп, тұтынушыға дейін ауыз су жүйесін тартуға жобалық сметалық құжаттар әзірленуде. Үстіміздегі жылдың ақпан айына дейін, сараптамалық қортындысы алынғаннан кейін құрылыс монтаж жұмыстарына бюджеттен қаржы қарастыруға, бюджеттік өтінім ұсынылатын болады.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Бұл мәселе енді нақты қашан шешімін таппақ?

Бауыржан ЕРКЕБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:


Біздің жоспарға сәйкес, бұл мәселе үстіміздегі жылдың аяғына дейін толық шешімін табады деп жоспарлап отырмыз. Жыл соңына дейін шешеміз.


Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Сұхбатыңызға рақмет! Тұрғындардың бұл мәселесін біз де бақылауда ұстайтын боламыз. Қымбатты көрермен, сіздің де мәселеңіз болса, экрандағы телефонға хабарласыңыз! Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауап іздейміз.

А. Мүтәлі