Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Атырау облысындағы ауруханаға емделушілер өздерімен бірге электр пешін әкеледі

AstanaTV
23.01.2020ж. 20:00
3370
Атырау облысындағы ауруханаға емделушілер өздерімен бірге электр пешін әкеледі

Атырау облысындағы Доссор ауылдық ауруханасына емделушілер өздерімен бірге электр пешін әкеліп жатуға мәжбүр. Өйткені емдеу мекемесінің іші азынап тұр. Ауырып ем іздеп келгенмен, емін аяқтамай шығып кететіндер де бар. Базаргүл Нәдірқызы ауруханаға барып, науқастардың шағымын тындап қайтты. 

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:


Дәл қазір біз күндізгі стационар бөліміндеміз. Қуықтай бөлмеге 4 кереует қойылған. Батереяда жылу - қан жылым. Сондықтан электр пешін пайдалануға мәжбүр.

Мұндай электр пештері мұндағы барлық палата бар. Емделушілер қабат-қабат киініп амалдайды. Ақ халаттылардың өздері де жылыту қондырғыларын қолданып отыр. Зейнеткер Мұрат Есмұханов емдеу мекемесінің салқындығынан, емім толықтай ала алмағанын айтты.

Мұрат ЕСМҰХАНОВ, ДОССОР КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

Пеш жібер мына кісілер жата алмай жатыр деп. Неге десең дәрілерін қойнына тығып, жылытып келеді.  Жылытқаннан кейін айдайды. Телефон соққан бойда екі пеш келді.  Батареяда жылу жоқ. батереяны қанша ауыстырса да, жарды қанша ауыстырса да, терезені ауыстыру керек. Жел мына жақтан соқса, мына комнаттар отыра алмайды. Жел мына жақтан соқса, ауыса береді кісілер.

Қоңырбаян ҚОҢЫРОВ, ДОССОР КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

 
Салқындық білініп тұр салқындық. Жылу шамалы мынаның ішінде. Киіммен жүрміз бәріміз. Біздер ештеңе емес, анадай балаларға қиын ғой ересек адам емес.

 
Бұл - 13 мың тұрғыны бар Доссор елді-мекеніндегі жалғыз медициналық мекеме. Мұндағы аурухана 20 орындық, оған қоса 200-дей адамды қабылдауға арналған емханасы бар. Емханаға келушілер де сырт киімдерін шешпейді.  Бір мезгілде бірнеше электр пешін қолдануға электрге жауапты мекеме мамандарын өздері  рұхсат берген. 

Киікбай ӨТЕМІСОВ, ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫНА ЖАУАПТЫ МАМАН:
 
Нагрузканы көтереді розеткалардың бәрі. Медный тоқпен жүргізілген бәрі. Көп қауіп жоқ. қолдан жасалған пештер жоқ. тек зауыттық пештер бар. Түнгі уақытта қосылмайды. Кейде бір аурулар  жатқан кезде іште қосылды. Қасында өзім болдым бірақ.

2006 жылы пайдалануға берілген бұл мекемеде жылу әу-бастан-ақ оңбаған. Басшылық алдымен шатыр мен қабырғаны қалыңдатуға шешім шығарған. 2014 жылы күрделі жөндеу жүргізгенмен нәтиже бермепті. Енді 5 млн теңгеге қуаттылығы жоғары екі жылу қазандығын қоймақшы.

Нұрғали БАСЫМБЕКОВ, ДОССОР АУЫЛДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ АҒА ДӘРІГЕРІ:

Октябрь айында тендер ойнатылып, жаңадан жылу қазандығын алдырттық. Подрядчиктер желтоқсан айының соңына дейін орнатып кетеміз деген. Әлі бір аптадай кешігу болды. қазір өзіміздің бұрынғы қазандық жасап тұр. Бірақ салқындау болды.

Қомақты қаржы бөлінгенімен қыстың ортасы болса да жылу қазандығы әлі орнатылмаған. Мұны басшылық мемлекеттік тапсырыстың кеш өткізілуімен байланыстырды. 

Батырбек ОҢДАСЫНОВ, МАҚАТ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
 
Бір жылда бір рет закуп жасалынады ғой. Қатты жел болған кезде іш салқын болады.  Бәрі терезеден. Кезіндегі 2006 жылы салынған обьект. терезесі пласитик болғанымен сапасы төмен. Ремонтқа не подлежит. Сондықтан осы жылға тағы да сұрап жатырмыз. Экспертиза жасатып. Сол қондырылғаннан кейін бәрі дұрыс болады деп ойлаймыз.


Осылайша пайдалануға берілгеніне 14 жыл болған ауылдық аурухана, бюджеттен тағы қаржы сұрап отыр. Бұл жолы 130 терезесін ауыстырмақшы. Оған қанша қаржы қажет екенін ешкім айта алмады.

Б. Надирқызы