Спорт Қазақстан
$449.3 €489.69 ₽4.89
×
Реклама на сайте

Батыс Қазақстанда бензин қымбаттады

AstanaTV
27.01.2020ж. 20:00
2481
Батыс Қазақстанда бензин қымбаттады

Батыс Қазақстан облысында бензин бағасы 200 теңгеден асып кетті. Қазір өңірдің Жәнібек ауданында АИ-95 маркалы бензиннің литрі 210 теңгеден, ал 92-ші бензин 165 теңгеден сатылып жатыр. Аймақтағы энергетика басқармасының дерегінше, бұл шалғай аудандар үшін қалыпты жағдай көрінеді. Өйткені кәсіпкерлер жеткізу шығынын ақтау үшін бағаны осылай өсіреді деді. Қымбатшылық қалада да байқалды. АИ-92 бензині 7 теңгеге қымбаттаған. Мамандар мұны қазақстандық өндіріске акциз бағасының көтерілгендігімен байланыстырады. Осылайша бензин бағасы 3-7 теңге аралығында қымбаттады. Дегенмен жауапты мекеме өкілдері "қолда бар жанармай қоры жеткілікті, бензин мен дизельдік отын тапшы емес" деп жұбатады.

Бейімбет МУСИН, БҚО ЭНЕРГЕТИКА БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл өзгерістер тек біздің өңірімізде емес, бүкіл республика бойынша. Бүгінгі күні Орал қаласындағы ең арзан баға 140 теңгеден басталады. Ең қымбат жанармай АИ-92 жанармай 148 теңгеге дейін барады. Сол біртіндеп көтерілуі байқалуда. Сатып алу бағасына байланысты өндірушіден сатып алып, алып келгенде бүкіл кеткен шығындарын қосып, осы шекті бағаны қояды өздері.

Ал көлік иелері жанармайдың қымбаттағанына өкпелі. Өйткені іле-шала басқа да қызметтердің құны шарықтап шыға келмек. Ал бұл қарапайым халық үшін ауыр тиеді, дейді олар.

Манарбек КӨШАЛИЕВ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ:


Қысқы уақытта расход көп кетеді. Біз жүргенде күніне 20 литр заправка жасаймыз. Ол қанша мыңға шығады. Соның өзінде күнде-күнде санағанда, бірталай круглый ақша шығайын деп тұр. Біз енді соған шамалап жүрміз 140-142 деп. Ол ертең қымбаттаса, біраз ауыр тиейін деп тұр. Өйткені қазір бәрі қымбаттап жатыр. Жалақы бұрынғы құнымен тұр көптен бері.

Е. Карин