Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қызылордада 150 құрылысшы бір жылдан бері жалақы алмаған

AstanaTV
27.01.2020ж. 20:00
2295
Қызылордада 150 құрылысшы бір жылдан бері жалақы алмаған

Қызылордада ірі құрылыс компаниясының 150 қызметкері бір жылдан бері жалақысын ала алмай жүр. Редакциямызға хабарласқан «Ақмешіт-Строй» құрылыс компаниясының жұмысшылары осылай деді. Айтуынша, компания басшысы жалақы төлеуден жалтарып, қашып жүрген көрінеді. Шарасыз жұмысшылар еңбек инспекциясынан бастап, прокуратураға дейін арызданған. Алайда, нәтижесіз.

Алтынгүл БАЙСАРИЕВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мекеме банкрот болып жабылған да жоқ. Үндеместен айлықты бермей қалды. Ол кісіні ешкім таба алмай жүр. Телефонын да алмайды. Жұмысшылар бір жылдан бері қарап отырмайды ғой, бәрінің басында кредиті бар. Көбісі жұмыссыз жүр.

Дәл қазір осы мәселеге жауапты Қызылорда облысы Еңбекті қорғау басқармасы заң бақылау бөлімінің басшысы Нұрбек Жапақовпен хабарласып, мән-жайды анықтап көрейік. Қайырлы кеш! Сіз тікелей эфирдесіз. Құрылысшылардың еңбекақысы неге берілмей жатыр?

Нұрбек ЖАПАҚОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Иә расында да бұл дұрыс ақпарат.  Құрылыс компаниясына жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Желтоқсан, қаңтар және ақпан айлары үшін 156 адамға 29 миллион теңге қарыз екені анықталды. Еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жұмыс берушіге айыппұл салынды. Жазда жұмысшыларға 17 миллион қарыз өтелді. Қалған қарызды да өтеу жоспарда бар. Бәрін бақылауда ұстап отырмыз.

Сұхбатыңызға рақмет! Құрылысшылар жалақысын жақын арада алады деп сенеміз. Біз де бұл жағдайды өз бақылауымызда ұстаймыз. Қымбатты көрермен, сіздің де мәселеңіз болса, экрандағы телефонға хабарласыңыз! Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауап іздейміз.

Ғ.Өтемісов