Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Голливуд режиссері Майкл Бэй наурызда Түркістанға келмек

AstanaTV
29.01.2020ж. 20:00
2145
Голливуд режиссері Майкл Бэй наурызда Түркістанға келмек

АҚШ-тың танымал кино режиссері Түркістан қаласы әкімінің шақыртуын қабыл алды. Ол Instagram желісі арқылы әкімнен Қазақстанға қай күні келуге болатынын сұраған. Түркістанның әкімі Майкл Бэйді ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мейрамы қарсаңында яғни 21 - наурызға қонақ болуға дайын. Шаһар басшысы түркістандықтардың қандай қонақжай халық екенін көрсетіп, тіпті фильм түсіргісі келсе көмектеспек. Айта кетейік, ғаламтор беттерінде «6 вне закона» конокартинасы қызу талқыланған болатын. Голливудтық  фильмде Түркістан шаһарымен атауы ұқсас «Тургистан» деген жерде өз халқын химиялық қару арқылы қырып-жоятын диктатор өмір сүретіні суреттелген. Оған бей-жай қарамаған Түркістан әкімі Бэйді біздің елге шақырып, қазақ халқымен жақынырақ танысуға шақырған болатын.

А. Төребекқызы