Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қазақстанда 38 адам коронавирус жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды

AstanaTV
30.01.2020ж. 20:00
2243
Қазақстанда 38 адам коронавирус жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды

Қазақстанда коронавирустан қорғануға 1,5 миллиард теңге бөлінді. Ол медициналық маскалар мен індеттен қорғау құралдарын сатып алуға жұмсалмақ. Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев осылай деді.

Бердібек САПАРБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Кеше ғана Үкімет басшысы қосымша құралдар, маска, тағы да керек заттар алу үшін қаулыға қол қойды. Оған қосымша 1,5 млрд теңге бөлінген. Яғни, көмекті немесе медициналық қолдауды қажет ететін азаматтар болса, біздің қаржымыз да, мүмкіндікіміз де толығымен жетеді.

Дүниежүзінде коронавирус жұқтырғандардың саны 7 мыңнан асты. 170 науқас көз жұмды. Қытайдағы қазақстандық студенттерді қайтару үшін қазір екі елдің сыртқы істер министрлігі әлі келіссөз жүргізіп жатыр. Ал, 680 туристің тең жартысы елге оралып үлгерген. Дегенмен, коронавирус жұқтырған болуы мүмкін деген күдікпен 38-і адам ауруханада жатыр.

Елжан БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Жоғары температурмен және басқа да симптомдармен 54 азамат ауруханаға жеткізілді. Олардың диагноздары вирустық инфекцияға байланысты және мүмкін коронавирус инфекциясымен байланысты ауруханаға жатқызылды. Олардың арасында 16 науқас диагноз қойылып, емделіп, ауруханадан шығарылды. Қазіргі күнде бүкіл ауруханада 38 науқас емделіп жатыр.

Ә. Өмірзақ