Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қытай мейрамханаларынан тамақтану қауіпті ме?

AstanaTV
30.01.2020ж. 20:00
2973
Қытай мейрамханаларынан тамақтану қауіпті ме?

Қытайдан шыққан қауіпті дерт туралы ақпарат тарағалы халық арасында үрей басым. Түрлі әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы сан-алуан ақпарат тарауда. Осындай хабарлармалардың бірінде «Қытай мейрамханаларынан тамақтанбаңыздар» деген аудио тарады. Бұл ақпарат қаншалықты шындыққа жанасады? Қытайдан келген қандасымыздың бірі Милатхан Айтқалиұлының айтуынша, ірі қалалардағы қытай мейрамханаларына қауіпті тағам түсуі әбден мүмкін. Өйткені, экзотикалық тағамдардың дені, бұл асханаларға Қытайдан жеткізіледі,- деді.

Милатхан АЙТҚАЛИҰЛЫ, «НАҒЫЗ АТАЖҰРТ» ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ:

Өздерінің отандық өнімдерін сыртқа сатуды бағыт етеді. Барлығын, ішетін суларына дейін сатып әкеліп отырған компанияларға дейін сөйтіп отырған кезде, асханалар... Бізде жоқ ол. Бізде сатылмайды ғой ондай теңіз өнімдері немесе жаңағы әр түрдегі тиым етілген біз білмейтін нәрселердің бәрін ұстап аулап әкеліп жүр.

Қандастарымыз айтып отырған ақпаратқа қатысты біз бүгін Астана мен Алматыдағы бірнеше Қытай мейрамханаларына хабарласып жауап алмақ болдық. Өкінішке орай олар сұхбат беруден бас тартты. Дегенмен, коронавирус туралы ақпарат шыққалы бері мейрамханаларда тамақтанатын адамдардың саны екі есеге азайғанын растады.

Д. Мұхаммедкәрім