Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстанда жемқорларықты анықтауға көмектескендерге 10 миллион теңгеге дейін сыйақы беріледі, - А.Шпекбаев

AstanaTV
31.01.2020ж. 20:00
2068
Қазақстанда жемқорларықты анықтауға көмектескендерге 10 миллион теңгеге дейін сыйақы беріледі, - А.Шпекбаев

Қазақстанда жемқорларықты анықтауға көмектескендерге 10 миллион теңгеге дейін сыйақы беріледі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысы Алик Шпекбаев ведомство отырысында мәлімдеді. Айтуынша, сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адам соттың айыптау үкімінен кейін пара сомасының 10 пайызын алады.

Алик ШПЕКБАЕВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы қатарындағы көптеген елдер секілді сараланған сыйақы болады. Ең жоғары мөлшері 10 млн 600 мың теңгені құрамақ. Бұл жаңашылдықтар азаматтарды жемқорлықпен нақты күреске барынша тартуға елеулі серпін беретініне сенімдіміз.


Агенттіктің алқа отырысына қатысқан "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, орталық пен өңірлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізушілерге қатаң талаптар қойылғандығын айтты. Партия қоғамның дертіне айналған жемқорлықпен күресуде біршама іс-шараны қоға алғандығын жеткізді.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кадрларды таңдаудың тиімді жүйесі құрылуда. Барынша беделді, белсенді және жарқын тұлғаларды анықтау үшін, біз осы жылғы сәуір, мамыр айларында партияның басқалармен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өзекті электроттан құрайтын кандитаттарды таңдау бойынша партияішілік праймериз өткізді жоспарлап отырмыз.
 
Айта кетсем, 2019 жылы 1700-ден астам жемқорлық ісі тіркеліпті. Мыңнан аса лауазымды тұлға пара алу, пара беру деректері бойынша сотталған. Келтірілген шығын - 24 миллиард теңгеден асады, оның шамамен 23 миллиарды қайтарылған.

Д. Асылбек