$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбеде көршісін өрттен құтқармақ болған 25 жасар жігіттің хәлі нашар

AstanaTV
04.02.2020ж. 20:00
2254
Ақтөбеде көршісін өрттен құтқармақ болған 25 жасар жігіттің хәлі нашар

Ақтөбеде зейнеткерді өрттен алып шыққан 25 жастағы жігіттің жағдайы ауыр.  Денесінің 60 пайызын күйік шалған. Қазір ол Нұр-Сұлтандағы Травматология институтында ем қабылдап жатыр. Бұл туралы Травматология және ортопедия институтының бөлім меңгерушісі Айдос Қонқаев айтты. Дәрігердің айтуынша, науқас 8 ай бойы Ақтөбедегі ауруханада ем қабылдаған. Жағдайы нашарлаған соң бас қалаға жеткізіліпті. Айдос Қонқаев оның толық айығуы әзірге белгісіз деп отыр.

Айдос ҚОНҚАЕВ, ТРАВМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:


Науқас біздің ауруханада жатқанына бүгін 8-ші күн. Жағдайы тұрақты ауыр. Жансақтау бөлімінде ерекше бақылауда ұстап отырмыз. Кешенді емдеу шаралары жалғасады. Жаралар бастапқыдан біраз азайған. Теріні ауыстыру мәселесін қарастырып жатырмыз.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға былтыр маусым айында болған.  Үй маңындағы өрттен зейнеткерге қауіп төніпті. Жанын шүберекке түйген Артем Головня қарияны құтқарам деп, өзі де өрт құрсауында қалған. Жанкешті өреннің ерлігі жайлы бұған дейін де айтқанбыз. Өкініштісі қария көп ұзамай көз жұмды. Еріктілер оның қазасын Артемнан жасырып келеді. Бұған дейін олар денесінің 60 пайызы күйген жас жігіттің ем-домына қаражат жинаған еді.

Ғ. Өтемісов