$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Алматылық тұрғындар 15 жылдан аса уақыт жеке куәліксіз жүр

AstanaTV
07.02.2020ж. 20:00
1559
Алматылық тұрғындар 15 жылдан аса уақыт жеке куәліксіз жүр

Алматылық ағайындылар 15 жылдан бері жеке куәліксіз жүр. Редакциямызға хабарласқан 32 және 33 жастағы Отаровтар жеке басын растайтын құжаттарының мүлдем болмағанын айтты. Жеке құжаттарын қанша рет қалпына келтіруге тырысса да түк шықпаған көрінеді. Бармаған жеріміз, баспаған тауымыз қалмады, дейді. Алайда, бірде-бір мекеме мардымды жауап қатпапты. Жеке куәлігінің болмағанынан жұмысқа да орналаса алмай отырғандарын айтады.

Раим ОТАРОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Мен автомойкада істеймін. Бір күнде 2-3 мың табамын. Квартирада тұрамын. Мамам ауырып жатыр. Сол жұмыс істемейді. Документ болса, мен басқа жұмыс табамын по-любому. 100 мың аламын. Расчет істеймін. Квартира төлеймін. Маған кішкене қалады.

Мән-жайды анықтау үшін жергілікті көші-қош комитетінің өкілдеріне шықтық. Бізбен  байланыста Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сайдильдин.  Ернар Қуатұлы, қайырлы кеш! Ағайындылардың уәжін тыңдадыңыз! Қалай көмектесе аласыздар? Жалпы, олардың арыз-шағымы сіздерге келіп түскен бе?

Ернар САЙДИЛЬДИН, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Кеш жарық! Туындаған мәселе бойынша аталған тұлғалар полиция қызметкерлеріне жүгінбеген. Айта кететін болсақ, ҚР құжаттарын бірінші мәрте алу үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша көші-қон полиция бөліміне арызбен жүгіну керек. Сол жерге қолында бар құжаттарды өткізіп, және Қазақстан азаматы екендігін, сонымен қатар, Республика аумағынан шықпағанын дәлелдей алатын тұлғаларды көрсету қажет. Керекті құжаттарды толығымен өткізген кезде жеке куәлікті 30 күн мерізімінде алуға болады.

Рақмет сұхбатыңызға! Бізге хабарласқан көрермен өзіне қажет кеңесті алды деп ойлаймыз. Бұл істі біз өз бақылауымызға алатын боламыз. Құрметті көрермен, осы секілді сізді де алаңдатқан мәселе болса, экранда көрсетілген нөмерге хабарласыңыз! Жауабын сізбен бірге іздейтін боламыз! 

А. Мүтәлі