Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Елорданың іргесіндегі «Парасат» саяжайын 10-жылдан бері алаңдатқан мәселе шешілді

AstanaTV
07.02.2020ж. 20:00
1956
Елорданың іргесіндегі «Парасат» саяжайын 10-жылдан бері алаңдатқан мәселе шешілді

Елорда іргесіндегі «Парасат» саяжайының тұрғындарын 10 жылдан бері алаңдатқан мәселе шешілді. Қаладан 28 шақырым қашықтықта орналасқан кооператив жұртшылығы бұған дейін редакцияға хабарласып, көмек сұраған еді. Олар саяжайда мектеп болмаған соң, балалары шаһардың бұрыш-бұрышында білім алып жатқандарын айтты. Ал білім ошағына жету жолы азап. Себебі, саяжай маңындағы тас жолда жаяу жүргіншілер өткелі жоқ. Мектеп оқушылары зуылдаған көліктермен жағаласып, жолды кесіп өтеді. Мұндағы жұрт әр күн сайын бір адам жазатайым жазым болып кете ме деп алаңдайтын. Қала берді, мұнда қоғамдық көлік қатынамайды. Аялдамаға жету үшін балалар тағы 4 шақырымдай жүрулері тиіс еді. Байқоңыр ауданының атқамінерлері "Астана" телеарнасы дайындаған материалдан кейін мұндағы тұрғындардың жанайықайына құлақ түрген көрінеді.

Әкімдік мұнда тұратын 60-қа жуық оқушыны бір мектепке орналастырып, олардың арлы-берлі қатынауы үшін қоғамдық көлік үлестірген. Балалар мен олардың ата-аналары енді жол азабынан құтылдық деп мәре-сәре.

Әлия  НАЙМАНҚҰЛОВА,  «ПАРАСАТ» ТҰТЫНУ КООПЕРАТИВІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:


Осы телеканадалдың бастуымен, осы телеканалға өтінішімізді айтып, өзіміздің жан-айқаймызды жеткізіп, біздің Парасат аулының үлкен бір мәселесі шешілді. Балалар енді мектеп ауласынан түседі, Парасаттың ауласынан кетеді. Сонымен біз ата-аналардың ауыр жүгін жеңілдеттік.


А. Мүтәлі