Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Жамбыл облысына Бердібек Сапарбаев әкім болып тағайындалды

AstanaTV
10.02.2020ж. 20:00
2561
Жамбыл облысына Бердібек Сапарбаев әкім болып тағайындалды

Масаншыдағы оқиғадан кейін бүгін Жамбыл облысында бірнеше лауазымды шенеунік қызметінен кетті. Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің орнына Бердібек Сапарбаев тағайындалды. Сондай-ақ, облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Сұлушаш Құрманбекова, Қордай ауданының әкімі Болатбек Байтөле де орындарын босатты. Одан бөлек облыстық полиция департаменті мен аудандық полиция бөлімінің басшылары да қызметтен кететін болды. Ал, ақпанның 7-і күні болған оқиға кезінде қираған үйлер мемлекеттің есебінен қалпына келтірілмек. Кімге нақты қанша сомма берілетінін комиссия шешімінен кейін ғана белгілі болады.

Әлихан СМАЙЛОВ, ҚР ҮКІМЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:

Үкімет комиссиясы қазір Жамбыл облысы Қордай ауданында жұмыс істеуде. Бүгін-ертең ол өзінің жұмысын бітіреді. Сол жұмыстың нәтижесі бойынша ақша бөлу шешімдері қабылданатын болады.

Үкімет комиссиясының жұмысы мен Масаншыдағы бүгінгі ахуал туралы мемлекет басшысына бүгін Премьер-министр Асқар Мамин есеп берді. Президент Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті де қабылдап, тергеу жұмыстарының әділ әрі жан-жақты жүргізілуін тапсырды. Айта кетейік, Масаншыда 80 жастағы қарияны екі ұлымен бірге соққыға жыққан бұзақылар ұсталды. Мұны Сортөбеде өткен баспасөз мәслихатында Бердібек Сапарбаев айтты. Жалпы, Масаншыдағы жағдайға қатысты 25 қылмыстық іс қозғалған. Олардың арасында төбелес ашты, қару қолданды және билік өкіліне қарсы шықты деген айыптар.

Д. Мұхаммедкәрім