Қордайдағы шиеленістен кейін қазақстандық "жұлдыздар" да өз пікірлерін әлеуметтік желіге жарыса жазды. Бірі болған оқиғаға көңіл айтып, халықты сабырға шақырса, енді бірі "қамалғандар босатылсын" деп ұрандатты. Алайда, кейін ел үшін алаңдаған "жұлдыздар" әлеуметтік желідегі парақшаларына жарыса жазған жазбаларын өшіріп те үлгерді.
@ibragimovserik:
Ақ-қарасын ажыратып алсын! Намысты, елім деген жігіттер қамалмасын!
@berkut_kazakhstan:
Барлығы заңмен шешілсін. Заңды түрде болсын. Құр босқа сотталып кетпесін! Мына қамауға алынған бауырлар босатылсын!
А. Мүтәлі