Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Маскүйінде көлік басқарған қарағандылыққа қатаң жаза берілді

AstanaTV
11.02.2020ж. 20:00
1864
Маскүйінде көлік басқарған қарағандылыққа қатаң жаза берілді

Мас күйінде көлік жүргізген қарағандылық, өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айрылды. Оған қоса Қазыбек би аудандық соты айыпталушыны жарты жылға соттады. Мұндай қатаң жаза Қазақстанда алғаш рет қолданылып отыр. 37 жастағы азамат осыдан бір ай бұрын ішімдік ішіп көлік жүргізіп бара жатқан жерінен ұсталған еді. Ол Қылмыстық Кодекстің 346-шы, яғни «мас күйінде көлік жүргізу» бабымен айыпталған. Кейін белгілі болғандай 2018 жылы да осы баппен әкімшілік жауапқа тартылып, 3 жылға көлік тізгіндеу құқынан айырылғаны белгілі болды. Қателігінен сабақ алмаған қарағандылық ақыры бас бостандығынан айырылып тынды. Қазыбек би аудандық сотының судьясы Саян Аққожиннің айтуынша, мұндай қылмыспен айыпталғандар бұрын әкімшілік жауапкершілікпен ғана құтылатын болған. Ал биылдан бастап өмір бойына көлік жүргізу құқығынан және бас бостандығынан айыру қарастырылған деді.

Саян АҚҚОЖИН, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ ҚАЗЫБЕК БИ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯ- КООРДИНАТОРЫ:

Бұл жүргізуші өмір бойы көлік жүргізу құқынан айырылды. Сонымен бірге сот залынан қамалып, 6 ай түзету мекемесінде жазасын өтейді. Бұған оның алғашқы жазаны өтемей жатып, екінші рет заң бұзуы себеп болды. Жалпы биылдан бастап мас күйінде көлік жүргізгендер мен ішімдік ішіп алып жол- көлік оқиғасына қатысқандар 5-тен 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.

А. Қуаш