Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қытайдан тағы 217 қазақстандық эвакуацияланды

AstanaTV
11.02.2020ж. 20:00
1180
Қытайдан тағы 217 қазақстандық эвакуацияланды

Бүгін Қытайдан тағы 217 қазақстандық эвакуацияланды. Барлығы тек үш күнге ғана ауруханаға жатқызылды. Себебін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов олар Уханда емес Қытайдың басқа қалаларында болған деп түсіндірді. Айта кетейік, осыған дейін індеттің ошағынан елге қайтарылғандар 14 күнге карантинге жабылған еді.

Елжан БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

14 күнгі инкубациялық мезгілдің аяқталуына байланысты Қытайдан келген 15478 адам мониторингтен босатылды. Қазіргі күнде 8690 адам әлі бақылауда. Олардың арасында коронавирус диагнозымен тіркелгендер жоқ.

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді 300-ден астам отандасымыз Қытайда қалу туралы шешім қабылдағанын айтты. Ал ертең тағы 145 азаматты қайтару жоспарланып отыр.

Ә. Өмірзақ