Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовтың ісі бойынша жаңа фактілер пайда болды. Қазіргі уақытта іске қатысы бар өзге де күдіктілер анықталып жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров айтты. Дегенмен толық ақпаратты бүгін емес, келесі аптада жариялаймыз деп отыр. Еске салсақ, 15 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Бақауов лауазымын асыра пайдаланған» деген ресми мәлімдеме жасаған болатын. Ал 17 қаңтарда Павлодар қалалық мамандандырылған тергеу соты оны екі айға уақытша қамауға алу туралы санкция берді.
Данияр БИГАЙДАРОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ БІРІНШІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ:
Бақауов ісімен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ұлттық қауіпсіздік қызметі айналысып жатыр. Іс тергеу сатысында. Қазір ол бойынша қосымша фактілер анықталып, күдіктілер тобы айқындалып жатыр.
Ә. Өмірзақ