Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстанда 40-қа жуық дүнген ұлтының өкілі әскери борышын өтеп жүр

AstanaTV
13.02.2020ж. 20:00
3026
Қазақстанда 40-қа жуық дүнген ұлтының өкілі әскери борышын өтеп жүр

Дүнген ұлтының жастары әскери қызметтен жалтарды деген ақпарат жалған. Елдегі 40-қа жуық сарбаз осы ұлттың өкілі. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің полковнигі Сергей Кузнецов айтты. Нақтырақ айтсақ, 2019 жылы борышын өтеуге 30 мыңнан астам жауынгер шақырылған. Оның ішінде өзге ұлт өкілдері де баршылық деді. Полковник әскери борышты өтеу ұлтқа бөлінбейтінін жеткізді.

Сергей КУЗНЕЦОВ, ҚР ҚК БАС ШТАБЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ЖҰМЫЛДЫРУ ЖҰМЫСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сарбаз қатарына іріктеу кезінде азаматтар ұлтқа бөлінбейді. Бастысы денсаулығы, физикалық мәліметтері, психологиялық және моральдық тұрғыдан жараса болғаны. Әскери борыш баршаға ортақ.

Ғ.Өтемісов