$487.37 €532.94 ₽5.09
×

«Nur Otan» партиясынан көмек сұраған азаматтар екі есеге көбейген

AstanaTV
14.02.2020ж. 20:00
1803
«Nur Otan» партиясынан көмек сұраған азаматтар екі есеге көбейген

«Nur Otan» партиясынан көмек сұраған азаматтардың саны соңғы екі жылда екі есеге көбейіпті. Тұрғындарды алаңдатқан мәселелер - әлеуметтік көмек алу, тұрғын үй мәселесі, жұмыспен қамту, медицина, жер, баспана кезегі. Бүгін партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалында «Ашық есік күні» өтті. Қабылдауға өңірдің барлық ауданынан 200-ден астам тұрғын келді. Олардың арыз-шағымын партия филиалының төрағасы және облыс әкімдігіне қарасты 24 басқарманың өкілі тыңдады. Бұдан бөлек «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне күніне жиырма шақты тұрғыннан өтініш түседі екен.

Мұрат МҰҚАЕВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ БҚО ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

2018 жылмен салыстырғанда біздің партияға жолыққан азаматтардың саны біздің облыстық филиал бойынша екі есеге артып отыр. Сол себепті оң шешіліп жатқан мәселелердің мөлшері де көбейіп келеді. Мемлекет басшысының да тапсырмасына сәйкес, «естуші мемлекет қағидасын» біз тікелей ұстанып жүргізетін боламыз.

Мемлекет жәрдеміне мұқтаж жандардың бірі - Мәншүк Шайхина. Көп балалы ана 17 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұр. Бірақ түрлі себептермен оны үй кезегінен шығарып тастаған. Тығырыққа тірелген ана партиялықтардан көмек сұрады. Мәселесі бүгін жан-жақты қаралып, ол қайтадан баспана кезегіне тіркелген.

Мәншүк ШАЙХИНА, ТҰРҒЫН:

Жаңа інішек айтып тұр ғой: Апа, сіз сотқа жіберілгенсіз. 9-шы болып тіркелгенсіз деп. Кезекке қайтадан тіркеп қойған. Мен қуаныштымын енді, үй алатын болармын деп тұрмын. Рақмет жағдайымды осылай шешіп бергеніне. Балаларымның бәрі ер жетіп кетті. Балам құртақандай кезінде очередьке тұрып едім. Қазір алды деген 32-де.

Е. Карин