Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елде 70-тен астам студенттік жатақхана стандартқа сай емес

AstanaTV
14.02.2020ж. 20:00
2154
Елде 70-тен астам студенттік жатақхана стандартқа сай емес

Елде 70-тен астам студенттік жатақхана тиісті стандартқа сай емес. "Jas Otan" жастар қанатының мүшелері жоғары оқу орындары мен колледждерді жаппай тексергеннен кейін, осындай қорытындыға келіп отыр. Ұйым көшбасшысы Елнұр Бейсенбайдың айтуынша, студенттік үйлердің ішінде 50 жылдан бері мүлдем жөндеу көрмегендері бар. Қала берді, жатақханаларда санитарлық нормалар сақталмаған деді. Сорақысы сол мұндай жағдайларды жастар ісі жөніндегі көптеген комитеттердің өзі жасыруға тырысатын көрінеді. Сондықтан бүгін олар әртүрлі студенттік ұйым басшыларының басын қосып, бірқатар түйіткілдерді талқылады.

Елнұр БЕЙСЕНБАЙ, «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
   
Өткенде, жуырда экономикалық колледжі тексеруге бардық. Бытовка дейді ғой. Тамақ пісіретін жер мен киім жуатын жер екеуі бір бөлме. Мен айтам мынау не деген сұмдық.Сіздердің үйлерініңізде шомылатын ванна мен кухня бір бөлмеде бола ма деп сұраймын да. Олардың уәжі бізге айтатын, бізде қаражат жоқ дейді. Қаражат табудың әртүрлі жолдары бар.

Жиында студенттер үйінің тапшылығы мәселесі де көтерілді. Айта кетейік, ел аумағында 1 млн-нан астам студент бар. Оның 180 мыңы ғана жатын орынмен қамтылған. Жатақхана жетіспеушілігі әсіресе, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында өткір тұр. Жасотандықтар 75 мың орындық жатақхана салуға бағытталған бағдарламаның әлсіз жұмыс істеп тұрғанын айтты.

А. Мүтәлі