Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Нұр-Сұлтанда қалың қардан автобустар тиісті аялдамаға жете алмай жүр

AstanaTV
14.02.2020ж. 20:00
2047
Нұр-Сұлтанда қалың қардан автобустар тиісті аялдамаға жете алмай жүр

Қалың қардан автобустар тиісті аялдамаларына жете алмай жүр. Нұр-сұлтандықтардың қоғамдық көлікке байланысты шағымына автобус паркі осылай деп түсіндірді. Алматы ауданының тұрғындары нөмірі 2-ші автобустың өз бағытын толық жүріп өтпейтініне шағым айтып хабарласты. Олар енді автобусқа отыру үшін үш аялдамаға жаяу жүруге мәжбүр. Қарттар мен оқушылар 25 -ші қаңтардан бастап көрген күніміз осы, әбден қиналдық деп отыр.

Карлығаш МҰҚАНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Аялдама мүлде көрінбейді, қар астында қалған. Балабақша, мектепке қатынауға әжептеуір қиындық тудырып отыр. Осы мәселені шешіп берсеңіздер екен. Әлі аяздар болады, борандар болады.


Бұл мәселе бойынша Алматы ауданы әкімдігіне хабарласып көрейік. Бізбен байланыста аудан әкімінің орынбасары Мақсат Саматұлы. Қайырлы кеш! Биыл қар жылдағыдан көп түскенін білеміз. Бірақ тұрғындар жиі шоғырланған жердегі аялдаманы бірінші кезекте тазалауға болады ғой.

Мақсат САМАТҰЛЫ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ АЛМАТЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мұстафа Шоқай көшесінде аялдамалардың барлығы тазаланған. Дегенмен аялдамадағы қарды жинап соның қасында үйіндісін жинап қойдық. Бүгін түнде бұл жұмыстардың барлығы толығымен бітеді. Таңертең 2-ші бағыттағы автобус өз бағытымен жүретін болады.

Мұндай проблема тек бір аудан, бір көшеде ғана емес. Болашақта осындай жағдайлардың алдын алуға бола ма?

Мақсат САМАТҰЛЫ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ АЛМАТЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Міндетті түрді біз күнделікті мекемесімен жұмыс істейміз. Олар бізге автобус бағыты бойынша қандай проблемалы учаскелер бар соны жіберіп отырады. Біз оны жұмыс ретінде күн де, түн де атқарамыз. Борандар бар, қардың көптігі бар кішкене мұндай сұрақтар болады, бірақ біз оның алдын алуға тырысамыз.

Сұхбатыңызға рақмет! Бізбен байланыста болған Нұр-сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Саматұлы. Қымбатты көрермен, сіздің де өзекті, көкейкесті мәселеңіз болса, хабарласыңыз!  Біз сізбен бірге жауабын іздейміз. Егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмір арқылы хабарласып, видео немесе аудио жолдасаңыз болады.

Ә. Өмірзақ