$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі қызметін жоғары деңгейде әрі тиімді атқарып отыр - С.Лавров

AstanaTV
06.10.2017ж. 20:00
2810
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі қызметін жоғары деңгейде әрі тиімді атқарып отыр - С.Лавров

Қазақстан БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіндегі өз қызметін жоғары деңгейде әрі тиімді атқарып отыр. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров осылай деп мәлімдеді. Бүгін ол Астанаға ресми сапармен келді. Айтуынша, күні бұрын лаңкестікпен күреске қатысты Краснодарда өткен жиында 75 мемлекеттен келген өкіл Қазақстанның жұмысына жоғары баға берген. Қазақстан келесі жылы қаңтарда Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болады. Бір ай ішінде атқаратын жұмыс жоспары бар, біз оны қолдаймыз және асыға күтеміз деді Лавров.

Сергей Лавров, РФ Сыртқы істер министрі:

Қазақстан Қауіпсіздік комитетінің ДАИШ, Әл Каида, тәліптермен, яғни терроризммен күрес комитетін басқарады. Ол қызметті өте жоғары деңгейде тиімді атқарып отыр.

Астана келіссөзі кезінде талқыланатын екі тақырып белгілі. Ол тұтқындарды құтқару және Сириядағы мәдени мұраларды минадан тазарту жұмыстары. Мұны еліміздің Сыртқы істер министрі мәлімдеді. Келіссөздің 7 ші кезеңі қазан айының соңына жоспарланған.

Қайрат Абдрахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

Сириялық қаруланған оппозиция әсіресе тұтқындар мен кепілге алынған адамдардың ісіне баса маңыз беріп отыр. Кепіл елдер бұл адамдардың мәселесін шешеді деп үміттенеді.

Брифинг барысында Лавров Трамптың Иранға қатысты шешімі таразыланған және уақыт талабына сай болады деген пікір білдірді. Екі жыл бұрын Иранға қатысты 5 мемлекет қабылдаған шешімнен АҚШ-тың шығуы мүмкін деген ақпар тараған. Егер олай бола қалса,  Ислам мемлекеті қайта санкцияға ілігеді деген сөз.