Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Қарағандыда көршісінің 3 жасар қызын 15 рет пышақтаған әйел 20 жылға сотталды

Қарағандыда көршісінің 3 жасар қызын 15 рет пышақтаған әйел 20 жылға сотталды

Қарағанды облысында көршісінің 3 жастағы қызын 15 рет пышақтап өлтірген әйел 20 жылға сотталды. Мұндай шешімді аймақтың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарды.

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:

Жан түршігерлік оқиға былтыр қараша айында Сәтпаев қаласының Вольный ауылында болған. Ата - анасы әдеттегідей көршілеріне бүлдіршінді қарай тұруға қалдырып жаңа пәтерлерін жөндеуге кетеді. Сол күні 3 жастағы бала ойнап жүріп DVD-плеерді құлатып алған. Осы үшін көршінің қолынан қаза тапқан. 


Тергеу материалдарына сүйенсек, 35 жастағы әйелдің баланы 15 рет пышақтаған. Қатігездігі сонша өтпейтін пышақты өткіріне ауыстырып соққысын жалғастырған. Ол кезде айыпталушы мас болған. Сұмдық оқиғаны полицияға сырттан үйіне келген күйеуі хабарлаған. Әйел бар кінәсін мойындағанымен сотта өз әрекетіне қатысты қандай да бір жауап беруден бас тартты.

Бекзат ШАЛҒЫМБАЕВ,ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

ҚР ҚК 99 бабының 2- нші бөлігінің 3,5,14 - інші тармақтары бойынша, яғни ол «көрінеу кәмелеттік жасқа толмаған адамның дәрменсіз күйін пайдалана отырып аса қатыгездікпен өлтіру» дерегі бойынша берілген Казанцеваға қатысты үкім шығарылды. Казанцева кінәлі деп танылып, оған бас бостандығынан 20 жылға айыру жазасы тағайындалды.

Сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейді.

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:

Көптің көкейінде «ата- анасы баласын мас әйелге қалай сеніп тапсырды?» -  деген сұрақ қалды. Сотта олар қызды қалдырған кезде көршісінің сау болғанын айтқан. Алайда бұл деректің рас - өтірігін ешкім біле алмайды.

А. Қуаш