Bek Air-ге сертификат беру мәселесімен айналысқан екі инспектор жұмыстан қуылды. Олар өз жұмысын толық көлемде орындамаған. Бұл туралы арнамызға Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффитс айтты. Еске сала кетсем, өткен жылдың 12 қарашасында Bek Air-ге ұшуға рұқсат берген осы әкімшілік болатын. Кейіннен 27-ші желтоқсан күні Fokker-100 ұшағы апатқа ұшырап, оқиға орнында 12 адам көз жұмды.
Питер ГРИФФИТС, ҚАЗАҚСТАН АВИАЦИЯЛЫҚ ӘКІМШІЛІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:
Екі инспектор да қазақстан азаматы. Бұрын Азаматтық авиация комитетінде жұмыс істеген. Олар сертификат беру кезінде тексеріс жүргізген. Бірақ апаттан кейін біз тапқан проблемаларды сол кезде анықтамаған. Сондықтан олармен келісім-шартты тоқтаттық.
Ә. Өмірзақ