$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстанда негізсіз шығындар 128 млрд теңгеге қысқарады

AstanaTV
18.02.2020ж. 20:00
2505
Қазақстанда негізсіз шығындар 128 млрд теңгеге қысқарады

Мемлекет негізсіз шығындарды қысқартып, 128 млрд теңге үнемдемек. Қаржы министрі Әлихан Смайылов бүгін Үкімет отырысында осыны жеткізді. Мемлекеттік бюджетті үнемдеу Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмасынан кейін қолға алынған. Ведомство басшысы қысқартылған қаражаттың көп бөлігі квазимемлекеттік секторға тиесілі екенін айтты. Семинар, конференциялар өткізу, автокөлік, жиһаз сатып алу шығындарын 4,2 миллиард теңгеге қысқартпақ. Ал іс-сапар, өкілдік шығыстарды 15,7 миллиард теңгеге азайтса, басқа да негізсіз шығындардан 29,7 миллиард теңге үнемдемек. Бұл ұсыныстар кезең-кезеңімен іске асады,-деді.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ, ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:

Осы ұсыныстар ағымдағы жылдың бюджетті нақтылау, келесі 3 жылдық кезеңге арналған бюджетті қалыптастыру кезінде жүзеге асырылатын болады. Оның ішінде мемлекеттік органдардан 23 миллиард теңге, өңірлерден 26,6 миллиард теңге мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінен 79 миллиард теңге.

А. Мүтәлі