Астана океанариумындағы «су перілері» туралы білмекке барған тілшіміз Диана Сапарқызының өзі де су астына түсіп, бір сәт «перінің қызы» болып көрді.
Сыйымдылығында 3 миллион тонна суы бар мұхитаралы Гиннес рекорттар кітабына енген. Бұл жерде балықтың 3 мыңнан аса түрі бар. Олай болса жыртқыш балықтарды бірге көрейік, көрермен.
Диана Сапарқызы, тілші:
Бүгін бізді балықтар әлемімен Айбек таныстыратын болады. Айбек айтып кетіңізші, мына жерде қанша қазақстандық балық бар? Неше түрі бар? Олар қандай балықтар?
- Қазір бізде көрсетіліп тұрғандай ақ амур. Ақ амур ол Шығыс Қазақстанда өмір сүреді. Ұзындығы 180 см. Карбтер де бар. Карбтың үш түрі бар. Обычный карб, зеркальный карб, қара карб. Қара карб ол, қытай карбымен будандастырылған.
Бұл мұхитаралдың ішінде Қытай, Мысыр, АҚШ, Жапония мемлекеттерінен әкелінген әр түрлі су асты тірішілік иелері бар. Оның ішінде Амозонкадан әкелінген пирания балығы. Ең қызығы, бұл пирания балықтары жабылып,15 минуттың ішінде сиырды жеп қояды екен. Біз акула десек, бірден қанжоса жауыздық туралы ойлап кетеміз. Иә, жыртқыш. Бірақ баласын қызғыштай қорғайтын оларды қалай тек жауыздықпен байланыстыруға болады? Мына су түбінде ұйықтап жатқан акула «қамқоршы акула» санатына жатады. Тағы бір ерекшелігі, акуланың бұл түрі күндіз су түбінде ұйықтап, түнде бір-ақ оянады.
Ариэль мен Барби мульткейіпкерлерін көріп өскен әр кішкентай қыз су перісі болуды армандайтын, армандайды да. Қиял ғажайып әлемін армандаған көрермендер дәл сол су перісі, яғни русалканы «тірідей» көріп қызықтай алады. Көрерменнің көзайымына айналған астаналық су перісі әрине, аңыз кейіпкері емес. Жоқ, ол мен сияқты кәдімгі қарапайым қыз. Астаналық су перісі Роза Каштаева су перісі болуды мақсат тұтпаған. Оның негізігі мамандығы персоналды басқару маманы. Бірақ оқу артық етпейді деген қағидатпен ол, жүзу жаттығуларына барып, су астында демді ұзаққа ұстауды үйренген. Ал қазір бұл мамандықта Роза "балықша жүзеді". Үш су перісінің бірі - Розамен таныс боламыз.
- Роза, сәлеметсіз бе! Күнделікті жұмыс күніңіз қалай басталады? Как начинаются ваши будние дни?
Роза Каштаева:
Бізде басқа қызметтегі адамдар сияқты, арнайы күн тәртібі бар. Үш су перісі болғандықтан екі күнде бір рет жұмысқа шығамын. Сағат тоғыз жарымнан басталады. Алдымен денемізді суға дайындаймыз. Одан кейін балықтарды тамақтандыруға кірісемін. Одан кейін жүзу құралдарымды даярлағаннан кейін, сағат 11-де суға сүңгіп жүземін. Күніне 5 рет көрермендерге арнап суға сүңгимін.
Диана Сапарқызы, тілші:
Жастайымнан су перісі болуды армандайтынмын. Бүгін ол арманым орындалды. Су перісі болу үшін, астаналық су перісі болу ішін 3 айлық арнайы курс өткізіледі. 1 айы теориялық болса, ал қалған екі айы практика жүзінде оқытылады. Су перілері күнделікті жұмыстарына кіріспес бұрын, денелерін жылытып алып, содан кейін ғана жұмыстарына кірісе бастайды. Роза кеттік, жұмысқа кірісейік!
Дат жазушысы Ханс Кристиан Андерсен баяндайтын ғажайып русалка сияқты болмаса да, біздің уақыттың замануи су перілері осындай.
Диана Сапарқызы «Біздің уақыт».