«Nur Otan» партиясы Біріккен Араб Əмірліктерінің елшілігімен мүмкіндігі шектеулі 10 балаға арба табыстады. Сондай-ақ демеушілер қаражатынан Ұлттық балаларды оңалту ортылығында ем қабыладауға сертификат берді. Ризашылығын білдірегн ата-ана осындай іс-шаралар көптеп өтсе дейді.
Әжібековтар отбасында үш бала бар. Қызының төрт жасына дейін денсаулығында еш кінәрат байқалмаған. Кейін ғана дәрігерлер сал ауруы деген диагноз қойыпты. Үш жылдан бері түрлі емханаларда ем алып келеді. Үйде де жаттығулар жасатқызамыз, дейді отағасы.
Қуаныш ӘЖІБЕКОВ:
Көп сыртқа шығамыз. Мен жоқ кезде келіншегім алып шығады жүргізуге. Жүргізудің өзі біраз жазық жерге апарып жүргізбесе... Жүріс арбасымен жүреді негізі. Коляска керек бізге.
Өкініштісі, ерекше күтімді қажет ететін мұндай балалардың саны жыл санап артып келеді. Бірі арнайы оңалту орталықтарында, енді бірі үй жағдайында ем қабылдауға мәжбүр.
Шолпан ОСПАНОВА, ҰЛТТЫҚ БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жылдан-жылға мүмкіндігі шектеулі балалардың саны өсіп келеді. Соның ішінде 5 пайыздан астамы детский церебральный паралич. + 25 күн жатады. Соның ішінде біз әр балаға мақсат қоямыз. Сол мақсатпен балалармен жұмыс істейміз.
Еріктілер көмек қолын созу мақсатында түрлі іс-шараларды қолға алады. Мәселен бүгін Nur Otan партиясы Біріккен Араб Əмірліктерінің елшілігімен бірге «Мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Демеуші қаражатына алынған 10 мүгедек арбасының бірін Қуаныш Әжібековтың қызына табыстады.
Ерлан КАНАЛИМОВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ НҰР-СҰЛТАН қ. ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Әр арбаны біз балалардың ерекшелігіне қарап дайындадық. Цехта жеке тапсырыспен істелді. Және де өздеріңізге мәлім, біз былтыр осы орталықпен қол қойған меморандумға сәйкес ай сайын үш балаға квота бөлініп отыр.
«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында өткен жылы 246 балаға көмек көрсетілген. Биыл да ұйымдастырушылар осындай іс-шаралардың санын көбейтуді жоспарлауда.
Ә. Өмірзақ