Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Әскери бөлімнен қару-жарақ алып қашқан сержат екі тапаншаны сатып үлгерген

AstanaTV
25.02.2020ж. 20:00
2209
Әскери бөлімнен қару-жарақ алып қашқан сержат екі тапаншаны сатып үлгерген

Шымкенттегі әскери бөлімнен қару-жарақ алып қашқан сержант екі тапаншаны 120 мыңға сатып үлгерген. Бұл туралы ІІМ айтты. Күдікті  құйтырқы әрекетін бірнеше апта бұрын бастағаны анықталыпты. Ал қару-жарақтың басым бөлігін 20 ақпан күні алып шыққан. Туыстары арнамызға берген сұхбатында сержант Абылай Балғынбай бұл іске жалғыз баруы мүмкін емес деген еді. Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов те, оны растап қылмысқа екі досы көмектескен деді.

Санжар ӘДІЛОВ, ҚР ІІМ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қазір үшеуі де қамауға алынды. Бұдан басқа әскери бөлімнің командирі, әскери бөлімнің екі қызметкері де қамауға алынды.

Министрлік өкілі: ұрланған және сатылған қару-жарақтың барлығын қайтардық деп отыр. Қазіргі уақытта «қару ұрлау» және әскери бөлімнің лауазымды тұлғаларына қатысты «салғырттық» баптары бойынша қылмыстық іс қоғалды. Еске сала кетейік, 20 ақпан күні 29 Калашников автоматы, 28 макаров тапаншасымен оқ-дәрілерін алып қашқан сержант, сол күні ұсталған болатын. Ал оның сыбайластары күні кеше қолға түсіпті.

Ә. Өмірзақ