Шалғай елді-мекендерге хат-хабар, газет-журналдарды дрондар жеткізіліп жүр. «Қазпошта» басшылығы бұл ақпаратты бүгін сенаторлармен бөлісті. Дрондармен хат жеткізу 3 жыл бұрын қолға алынған. Әуелі Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында пайдаланылыпты. Енді бұл тәжірбие елдің өзге аймақтарында қолға алынбақ. Қондырғыны аутсорсинг компания ұшырып жүр, деді, әрі оның шығыны өзін өзі ақтамайтынын жеткізді. Бір айда қанша қаражат жұмсалатынын «Қазпошта» басшылығы ашып айтпады.
Дәурен ТҰРЫСБЕКОВ, «ҚАЗПОШТА» АҚ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
Дрондармен хат жеткізу шынымен өзін-өзі ақтамайды. Қалада көрсетілетін қызметтерден түскен түсімнің арқасында шығынымызды жауып отырмыз. Дегенмен, шалғайдағы елді мекендерге уақытылы хат жеткізу мәселесін осы дрондардың көмегімен шештік.
"Қазпошта" директоры қазір 10-15 дрон пайдаланылып жүргенін айтты. Қазақстанда жасалған ұшу аппаратты 5 келіге дейін жүк көтере алады. Газет-журналдар мен хат-хабарлар ауыл пошташысына жеткізіледі, әрі қарай үйді-үйге пошташы апарады. Демек пошташылар жұмыссыз қалмайды деді. Сондай-ақ, «Қазпошта» бүгін Сенат назарына халықаралық құжатты ұсынды. Ол - "Дүниежүзілік пошта одағының" 9-шы хаттамасы. Әлемнің 192 елі біріккен одаққа Қазақстан 1992 жылдан бері мүше. Мемлекеттер 2016-шы жылы бұл құжатты Түркияда бекіткен. Алайда бізде әлі күнге ратификацияланбаған. Пошташылар жұмысын жеңілдететін халықаралық құжат 4 жыл жүріп Парламанетке бүгін жетті.
Д. Мұхаммедкәрім