Қазақстанда шашыраңқы склерозбен 2000-ға жуық насқас бар. Бұл туралы ел астанасында өткен неврологтардың конференциясында айтылды. Мамандар дерттің жасарып келе жатқанын айтып дабыл қақты. Ұмытшақ ауруына душар болғандардың саны әлем бойынша 2 жарым миллионнан асады. Дүниежүзінің 50-ден аса елі күресіп жатқан бұл дерттің әзірге емі жоқ. Шашыраңқы склерозды зерттеп жүрген Ресейлік профессор Алексей Бойко ауруға себеп болатын бірнеше факторды атады.
Алексей БОЙКО, МӘСКЕУ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:
Бұл ауруға шалдыққандардың басым бөлігі жастар. Соңғы кездері мектеп жасындағы балалардың арасында да кездесіп жатыр. Ауру "Д" дәруменінің жетіспеушілігінен, шылымға әуестіліктен пайда болады. Бүгін жан-жақтан келген әріптестерімізбен осы ауруды замануи емдеу жолдарын өзара талқылаймыз.
А. Данияр