Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

БҚО Жаңаөңір ауылындағы көпбалалы аналар АӘК ала алмай отыр

AstanaTV
04.03.2020ж. 20:00
2338
БҚО Жаңаөңір ауылындағы көпбалалы аналар АӘК ала алмай отыр

Атаулы әлеуметтік көмек 2 айдан бері берілмей келеді. Бүгін редакциямызға Батыс Қазақстан облысы Жаңаөңір ауылынан бір топ көп балалы ана осындай шағыммен хабарласты. Айтуларынша, тиісті мекеме қаңтар айынан бері ауылдағы көпбалалыларға- жәрдемақыны аудармаған. Жұмыспен қамту ортылығы "қаражат әлі бөлінбеді" дейтін көрінеді. Тыңдайық!

Гүлсара АМАНҒАЛИЕВА, ЖАҢАӨҢІР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Уже енді бүгін марттың 4-і болды. Әлі ақша жоқ. Былай қарап тұсаңыз, үшінші айға кетіп жатыр. Бізде деген енді баланың памперсі бар, сүті бар. Мектептің оқу құралы тағы бар. Дүкенге қарызға кіресің тамақ аласың. Бір мен ғана емес, мына  Жаңаөңір аулында қаншама көпбалалы аналар бар ала алмай жүрген.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Мән-жайды анықтау үшін Батыс Қазақстан облысының атқамінерлеріне шықтық. Теректі ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Арайлым Тасенова қазір бізбен тілдесуге дайын екен. Арайлым Махметқызы, қайырлы кеш! Көпбалалы аналардың жанайқайын естідіңіз! Тиісті жәрдемақыны ала алмай жүргендеріне 2 айдан асқан. Себебін білсек?

Арайлым ТАСЕНОВА, ТЕРЕКТІ АУДАНЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

АӘК төлеу регламентіне сәйкес тағайындалады. Сол себепті мемлекеттік қызмет өз мерзімінде сақталады. Сол мерзімге сәйкес, сол сіздерге жолығып отырған ата-аналардың құжаттары қабылданғаныменен, ақпан айында шешім қабылданды. АӘК тағайындау бойынша. Сонымен қатар, өзіміздің министрлігіміздің бұйрығы бар. Сол бұйрыққа сәйкес, АӘК-ті төлеу ай сайын, АӘК төлеу туралы шешім қабылданғаннан кейінгі айдың 10-і күніне қарай жүзеге асырылады. Яғни, осы жолыққан азаматтардың барлығы қаңтар, ақпан айына тағайындалған АӘК-ін наурыз айының 10-на дейін төлеуіміз тиіспіз.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Демек, қаржы бар, бюджеттен бөлінген ғой? Енді бұл аналар қашан  алады ақшаларын?

Арайлым ТАСЕНОВА, ТЕРЕКТІ АУДАНЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Алады. Бүгінгі күнге айта кетейін, осы алушыларға барлық аудан бойынша төлем ведомстволары қалыптастырылды. Бүгінгі күні қазынашылық органына жіберілді. Себебі, алда енді мейрам келе жатыр ғой. Соған байланысты мақұлданып кетті ақшалары. Екі айға жолданып кетті.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Сұхбатыңызда рақмет! Естеріңізге сала кетейін, бізбен тікелей байланыста болған Батыс Қазақстан Облысының Теректі ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Арайлым Тасенова. Мәселе жақын арада түбегейлі шешілуі қажет. Біз өз бақылауымызға аламыз. Назарда ұстаймыз.  Қымбатты көрермен, проблемаларыңыз болса, экрандағы нөмерге хабарласыңыз немесе аудио, видео жолдасаңыз болады. Біз сізбен бірге жауап іздейміз!

А. Мүтәлі