Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Nur Otan" партиясының қатары толықты

AstanaTV
04.03.2020ж. 20:00
3736
"Nur Otan" партиясының қатары толықты

"Nur Otan"партиясының қатары тағы да қоғам белсенділерімен толықты. Шығыс Қазақстан облысының 240 азаматына билет табысталды. Жаңа нұротандықтардың ішінде дәрігерлер, мұғалімдер, кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары бар. Бұдан бөлек, құрылыс компаниясының қызметкерлері де партияға мүше болды. Олар осы күнге дейін түрлі қайырымдылық науқандарға қатысып, мұқтаж жандарға қол ұшын созып келген. Айта өту керек, бүгінде өңір бойынша 70 мыңнан астам адам партияға мүше.

Ербол ҚОҢЫРАТОВ, БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
 
Осы күнге орай партия мүшесіне үміт артып, қосып жатыр. Сенім артып. Осы партияның алдағы мақсаттарына еліміздің көркейіп, дамуына өз үлесімді қосамын деп сенемін!

А. Мүтәлі