Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Бір топ адам «Nur Otan» партиясының қалалық филиалына баса-көктеп кірді

AstanaTV
05.03.2020ж. 20:00
3412
Бір топ адам «Nur Otan» партиясының қалалық филиалына баса-көктеп кірді

Алматыда бір топ адам «Nur Otan» партиясының қалалық филиалына баса-көктеп кіріп, қоғамдық қабылдауға кедергі келтірді. Мақсаты қандай? Оны ешкім біле алмады. Алайда наразы топтың бұл әрекетін қабылдауға, мәселесін айтып келгендер де құптамады.

«Nur Otan» партиясының қалалық филиалы әдеттегідей таңертең қоғамдық қабылдауын бастап кетті. Бірі мәселесін шешу ге көмек сұрап келсе, енді бірі партиялықтарға алғысын айтуға асыққан. Қоғамдық қабылдау кабинетіндегі жұмысты сырттан баса-көктеп келгендер бұзды.

Қала тұрғындары да ішке баса-көктеп кіргендердің базынасын түсіне алар емес. 

Нүрзия ҚАЗЫБЕКОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Менің түсінгенімше осы жерде айқай-шу көтеріп, елдің арасына наразылық туғызып, сенімсізділік туғызып, сондай үшін келген адамдар. Ішіме сыймай жүрген бір сұрағым бар еді. Сол сұрақпен келдім. Кезекке тұрып, жазылдым, оқып танысып сізге жауабын береміз деді.

Омарбек ШӘРІПҰЛЫ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мына біреулер келді де кімдер бұлар түсінбеймін мен. Келді де барлығын бүлдіріп жатыр ғой. Таң атпастан келгенбіз әлі қабылдауға кіре алмай жатырмыз.

Партия мүшелері наразы топты сабарға шақырумен болды.  

Станислав КАНКУРОВ, АЛМАТЫ қ. «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы бекітілген кестеге сәйкес қоғамдық қабылдау өткізіліп жатыр. Көргендей мына белсенді азаматтар бүгін келіп, қабылдауға кедергі жасады. Нақты сұрақтары жоқ.

Сөйтсе наразы жұртты атышулы Әлнұр Ильяшев бастап келген. Ол жыл басында "Nur Otan"- дықтарды өз партиясын құруға кедергі келтірді деп айыптаған еді. Кейіннен даулы жағдай сотқа жетіп, сот шешім шығарған. Дүрлігіп жүргендер 1 жарым миллион теңгеден айыппұл арқалаған болатын. Партия өкілдері бұл қаражатты қайырымдылыққа жұмсайтынын айтты. Олар жалған айыптағандары үшін партияның алдында кешірім сұрауы тиіс. Жалпы, «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы жыл сайын 20-мыңға жуық өтініш қабылдап, соның 60 пайызының мәселесін шешкен.

Ә. Лесбек