$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Шығыс Қазақстан облысындағы Баяш Өтепов ауылының тұрғындары байланыссыз отыр

AstanaTV
05.03.2020ж. 20:00
3809
Шығыс Қазақстан облысындағы Баяш Өтепов ауылының тұрғындары байланыссыз отыр

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданына қарасты Баяш Өтепов ауылының тұрғындары байланыс желісіне мұқтаж. Редакциямызға хабарласқан ауыл тұрғыны жақындарымен сөйлесу үшін тау-тасты аралап кететінін жеткізді. Қалада оқитын балаларынан айлап хабар ала-алмай отыр. Базыналы халық әкімдікке де шағымданған, алайда басқа қалада тұратын әкімнің біз үшін басы ауыра қоймайды деді.

Алтынбек ҚАРМЕНОВ, БАЯШ ӨТЕПОВ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Әкім бізде тұрмайды, басқа жерде турады. Сеть жоқ мүлде. Тауға шығып сеть ұстауға тырысамыз, ал ауыл ішінде жоқ.

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Біз осы мәселеге орай Шығыс Қазақстан облысының атқамінерлеріне хабарласып көрелік. Ұлан ауданы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы қазір бізбен тілдесуге дайын екен. Санат Бекенұлы, қайырлы кеш! Ауылға осы уақытқа дейін неге байланыс желісі орнатылмаған? Бұл енді қашан шешіледі?

Санат БЕКЕНҰЛЫ, ШҚО ҰЛАН АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Байланыс операторлары желіні дамытуды дербес жоспарлайды. Іс-шараларды өткізу меншікті қаржы есебінен жүргізіледі. Әкімдік «Кар-тель» серіктестігі мен Қазақтелекомға хат жолдады. Биыл байланыс желісін орнату жоспарланып отыр.

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Сұхбатыңызда рақмет! Естеріңізге сала кетейін, бізбен тікелей байланыста болған Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Санат Бекенұлы. Ауыл тұрғындарының мәселесі шешілгенше, біз мұны өз бақылауымызға аламыз. Қымбатты көрермен, Сіздің де өзекті мәселеңіз болса, экрандағы нөмерге хабарласыңыз. Аудио- видео жолдасаңыз болады. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауап іздейміз!

Ғ.Өтемісов