Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Елордада 70-тен астам мүмкіндігі шектеулі азамат гигиена құралдарын ала алмай жүр

AstanaTV
05.03.2020ж. 20:00
1481
Елордада 70-тен астам мүмкіндігі шектеулі азамат гигиена құралдарын ала алмай жүр

Елордада мүмкіндігі шектеулі 70-тен астам азамат тегін берілуі тиіс гигиена құралдарын ала алмай жүр. Осы күнге дейін өнімді жеткізу үшін арнайы конкурс өткізілмеген. Бұл туралы «Antikor ortalygynda» өткен брифингте айтылды. Жалпы мұндай құралдарға мұқтаж астаналықтардың саны 4 мыңға жетеді. Көбі құралдардың сапасы да сын көтермейтініне шағым айтқан.

Шавкат ИСМАИЛОВ, ҚР СЖҚІҚА НҰР-СҰЛТАН қ. БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОПТЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Анықталған фактілер тікелей департаментке жолданды. Тиісті шаралар қабылданады. Біздің мақсат мұқтаж адамдарға берілуі керек гигиеналық құралдардың табысталу уақытын тездету. Осы орайда Халықты әлеуметтік қорғау басқармасы тездетіп мәселені шешуі қажет.

Сондай-ақ, Халықаралық әйелдер күні мемлекеттік қызметтегілерге сыйлық алмауға, тіпті оны жасамауға шақырды. Заңда көзделген шараларға сәйкес лауазымды тұлғаға құны 5 мың теңгегеден аспайтын сыйлық бергені үшін 530 мың теңге көлемінде айыппұл қарастырылған. Ал мемлекеттік қызметкер бұл сыйлықты алынғаны үшін 1 жарым миллион теңге төлейді.

Ә. Өмірзақ