$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алыпсатарлармен мемлекеттік органдар айналысады,- Б.Сұлтанов

AstanaTV
13.03.2020ж. 20:00
2555
Алыпсатарлармен мемлекеттік органдар айналысады,- Б.Сұлтанов

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бойынша жағдай тұрақты. Ешқандай тапшылық болмайды. Бүгін Нұр-Сұлтанда баспасөз мәслихатын өткізген министрлер осыны айтты. Сауда нүктелері де жұмысын жалғастыра бермек. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов супермаркеттерде туындаған дүрбелеңге байланысты қазақстандықтарды сабырға шақырды. Айтуынша өнім жетіспеушілігі жоқ.

Бақыт СҰЛТАНОВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ:

Әрине кәсіпкерлер қолдан бағаны көтеремін десе, бұның бәріне спекуляция деп баға беру керек. Бұл ретте тиісті мемлекеттік органдар жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрі әлеуметтік маңызы бар тауардың қазіргі көлемі халықты жарты жылға қамтамасыз етуге жетеді, деді. Қажет болған жағдайда өңдеуші кәсіпорындар өндірістік қуаттылықты арттырады.

Ә. Өмірзақ