Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Абайдың 175 жылдығына арналған ерекше шара

AstanaTV
13.03.2020ж. 20:00
2204
Абайдың 175 жылдығына арналған ерекше шара

Алматыда «Jas otan» жастар қанатының қолдауымен, Абайдың 175 жылдығына арналған ерекше шара өтті. Нұр-Мүбарак Мысыр Ислам мәдениеті университетінің шәкірттері мен жастар қанатының белсенділер ақын шығармаларын жатқа оқып, өзара сайысты. Мақсат - Абай шығармаларын дәріптеу. Тарихты ұмытпау, сананы жаңғырту және бәсекеге қабілетті ұлт болу деді жасотандықтар. Жоғарғы оқу орнының басшылары Абайдың өлеңдері жастарды жігерлендіріп қана қоймайды, заманға сай ұлттық көзқарасты қалыптастыруға негіз болатынын айтты. Шара соңында әуеге шар ұшырды.

Қайрат ҚҰРМАНБАЕВ, НҰР-МҮБАРАК МЫСЫР ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ:

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының өзі бастап, Абай өлеңдерін жырларын оқу эстафетасы да осы қоғамда кең таралды. Соның жалғасы ретінде біз осы университетіміз және ұйымдастырушы тараптармен біріге отырып осындай үлкен іс-шараны қолға алып отырмыз. 

Мәди АХМЕТОВ, «JAS OTAN» ЖҚ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ТӨРАҒАСЫ:

Біздің негізгі мақсат - бүгінгі шарамен Абайдың бізге қалдырған мұрасын жастардың арасында насихаттау. Шығармаларын оқып, бір-біріне эстафета беріп, одан бөлек ғұлама ойшылдың өлеңдерін, әндерін жатқа айтып осындай іс-шара өткізіп жатырмыз.

А. Кемелжан