Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында карантин жарияланды. Шешімді Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия қабылдады. Негізгі мақсат - басқа қалаларға коронавирустың таралуына жол бермеу. Бұл шешім сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні күшіне енеді. Онда: ауқымды санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру; адамдардың жүріп тұруын, сондай-ақ көлік құралдарының қалаға кіріп шығуын шектеу. Қалалық аумақтағы секторларды және олардың шекараларын анықтау; қоғамдық көлік қозғалысын күндізгі уақытта тоқтата тұру немесе шектеу және түнгі уақытта тоқтату; "клиенттерге жеткізу" қағидаты бойынша қоғамдық тамақтану объектілерінің жаңа жұмыс режимін белгілеу қарастырылған.
Ә. Өмірзақ